Кәсіпкерлердің жер рәсімдеудегі қиыншылықтары оң шешімін табады

38

Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы және Түркістан қалалық прокуратурасымен бірлескен қаламыздың кәсіпкерлерімен кезекті кездесуі өтті.
Күн тәртібіндегі бірнеше мәселе қаралды.

Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Адырбекұлы М.А., Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Кентугаев А.З., «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ Түркістан облыстық Филиалы Түркістан қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі басшысының орынбасары Жолдыбаев Қ. А., Түркістан қаласының прокуроры Ахметбек Ж.А., Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім басшысы Жүсіпбай М.К., Түркістан қаласы прокуратурасының аға прокуроры Құрасбек Т.Ғ., және кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде жер кадастры бойынша — жер орналастыру жобасына келісім алу кезінде, жер учаскелерінің беттесуі мәселелері, жер қатынастары саласы бойынша — жер учаскесін заңдастыру өтініштері мерзімінің ұзақтығы, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру кезіндегі қиыншылықтар, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша — зерттеу актісін талап ету заңдылығы, АПЗ, эскиз жобаға келісім беруден бас тартулардың заңдылығы, мекен-жай регистрін беру кезіндегі мәселе көтерді.
Қатысушылар тарапынан ұсыныс, пікірлер тыңдалды. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы және Түркістан қалалық прокуратурасы тарапынан алдағы уақытта талқыланған мәселер мен ұсыныстар бойынша жұмыс атқарылатынын сөз етті.