«Kcell» мен Мобайл Телеком-Сервиске қатысты тергеу басталды

0

«Kcell» мен Мобайл Телеком-Сервиске қатысты тергеу басталды. «Қазақтелекомның» құрамына кіретін компаниялар ұялы байланыс, мобильді интернет және смс хабарламалар үшін бағаны өсіріп жіберген.

Қымбат тарифке шағым көбейген соң, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс операторларына қатысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде саланың 35 пайызына аталған қос компания иемденіп келгені анықталды.

Ведомства мәліметінше, 2020-2021 жылдары «Kcell» компаниясы ұялы байланыс үшін ең жоғары баға – 756 теңге, ал мобильді интернет үшін 1765 теңге белгілеген. Байланыс операторлары смс тарату тарифтерін орта есеппен 14,03 пайызға арттырған.

Шынар Оразова