Мангелдин көшесіндегі жөндеу жұмыстары тамызда аяқталады

0

Шымкентте қала көшелеріндегі құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Мангелдин көшесіндегі орта жөндеу жұмыстары барысында жолдан бөлек, ирригациялық жүйелер мен жаяу жүргіншілер жолы жаңарады. Мердігерлер нысанды тамыздың 1-не бітіреміз деп отыр.

Қаладағы Мангелдин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары маусымда басталған болатын. Онда жол жиегіне бордюрлар орнатылып, ирригациялық жүйелерге орын дайындалуда. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолындағы ескі плиталар алынып, орнына жаңасы орналасатын болады.

Болат Қалыбеков, учаске бастығы: «Асқаров көшесінен мына Темірлан тас жолына ұзындығы 840 м, жалпы жолдың ені 12 м. Ені солай қалады. Күрделіліктер бар. Мына көлік қозғалысы жұмысы сәл кедергі жасап жатыр. Одан кейін бұрында мына жерде заңсыз қойылған автотұрақтар, тротуарға  автокөліктер қояды. Сол есептен қазір олның бәрі жойылып, басқа жағынан қарастырып жатыр енді».

Жаңа шахар төңірегін мекендейтін тұратындар көше жолының жөнделіп жатқанына дән риза. Аға буын өкілдері әсіресе жаяу жүргіншілер жолының кеңейгеніне қуанып отыр.

Анатолий Иванов, Шымкент қаласының тұрғыны:  «Жігіттер жарайды, жақсы жұмыс жасап жатыр. Жол қабаты тегістеліп, біз жүретін тротуарларымыз кең, жүруге де ыңғайлы болып қалды».

Тұрғындар ризашығылын білдірсе, Мангелдин көшесінің бойындағы коммерциялық нысан иелері жобалық-сметалық құжатта көлікке арналған тұрақтардың қарастырылмағанына наразы.

Гүлбахар Бертаева, кәсіпкер: «Біз кәсіпкерлерге тұрақтар болғанын қалаймыз. Көше өте тар. Клиенттеріміз келгенде көліктерін қоятын жер таппай әбден қиналады. Автотұрақ болмағандықтан, тауарларымызды аулаға қойған көліктерден ары-бері тасимыз. Себебі мұндағы тұрғындар, көліктеріңді алыстау қойдыңдар деп бізге наразылық білдіреді».

Мердігерлер «біз жобалық-сметалық құжаттан ауытқи алмаймыз бұл ұсыныстардың барлығын тапсырыс беруші автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысына жеткіздік»,- дейді.

Мұхтар Нұрәлиев, мердігер мекеменің шебері: «Бұл жерде жұмыс әлі аяқталған жоқ. Жұмыс аяқталмағаннан кейін, адамдардың көздері жетеді. Мына бетонды қоспаның үсті тегістеледі.  Енді мына жерде барлық нәрсе болады проектісінде көрсеткенбіз».

Маман орнатылған бордюрлерге қатысты да сын көп екендігін айтады. Дегенмен құрылысшылар, шілде айының соңында нысанды толық аяқтап, ел игіліне тапсыруға тырысамыз деп отыр.

Шынар Оразова