Мәселе уақытында шешілмесе, халықтың наразылығын тудырады

50

«Кез келген мәселе уақытында шешілмесе, халықтың наразылығын туғызуы мүмкін”. Осылай деген ҚР вице-министрі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар тәуекелдерді үнемі талдап, оларды шешуге әрдайым дайын болуы керек екенін жеткізді.

Жалпы, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді талдау мен болжамдық қызметін күшейту мәселесі бойынша өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдіктері қатысты.

Кеңес аясында мемлекеттік органдардың жалақы бойынша қарыздары, коммуналдық тарифтер, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өнімдердің бағасын реттеу, электр энергиясын өндіру, көмір жеткізу, қоқыс полигондары және басқа мәселелерді шешу жөніндегі есебі тыңдалды.

Сондай-ақ Тоғжанов балаларды жаңа оқу жылына дайындау маусымы жақындағанын және бұл халық шығынының ұлғаюына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

Мөлдір Ибадуллаева