Мазут экспорты 50 пайызға өсті

0

Мазут экспорты 50%-ке өсті. Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы мынадай статистика жариялады. Биыл мамырда 191 мың тонна мазут экспортталды. Бұл 2022 жылғы орташа айлық көрсеткіштен 50%-ке көп. Мамыр айында мазуттың экспорттық бағасы тоннасына 500 доллар болды. Мазут экспортының өсуі мұнайдың экспорттық жеткізілімдерінің шектелуіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдай ірі және шағын мұнай өңдеу зауыттарына көбірек мұнай жіберуге мүмкіндік берді. Дизель отыны, бензин мен керосинге қарағанда, мазут экспортына тыйым салынбайды. Мұны барлау кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайын өңдейтін жеке шағын зауыттар пайдаланады. Бұған дейін Энергетика министрлігі шағын мұнай өңдеу зауыттарына жеңілдіктерді алып тастап, Техникалық талаптарды күшейту қажеттігін мәлімдеген. Ал әзірге жеке кәсіпкерлер жыл сайын 2 млн тоннаға дейін мазут экспорттайды.

Шынар Оразова