Нұр-Сұлтан мен Алматы әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімінде

44

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары өмір сүру бойынша әлемдегі ең қымбат қалалар қатарына енді.

Рейтинг 2022 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша түзілген, деп жазды Numbeo сайты. Сайт әлемдегі ірі қалаларда өмір сүру құны туралы ақпаратты жинақтаған. Рейтингке барлығы 510 қала кірді.

Өмір сүру құнының индексін есептеу үшін сарапшылар Нью-Йорктің негізгі көрсеткішін пайдаланған. Өмір сүру құнының индексі бойынша Алматы 466-орында, ал Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы 475-орында тұр. Тізімде бірінші болып Бермуд-Гамильтонның әкімшілік орталығы орналасқан.

Айта кетейік, өмір сүру құны бойынша үздік 10 қалаға Швейцария мен АҚШ қалалары кіріп отыр. Атап айтсақ, Базель, Цюрих, Лозанна, Берн, Женева, Гонолулу, Санта-Барбара және Нью-Йорк қаласы. Рейтинг жасау үшін зерттеушілер тұрғын үйді жалға алу мен тұру, тамақ, сонымен қатар қала мейрамханаларындағы бағаларды зерттеді.

Шынар Оразова