Қараусыз жүрген 16 малды ұрлап, 10 млн. теңге шығын келтірген күдіктілер ұсталды

32

Түркістанда 16 мал ұрлығына қатысы бар 3 азамат ұсталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден жоғары.

Белгілі болғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда жүк көлігіне тиеп берген. Содан сыбайласы екеуі ұрланған үй жануарларын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізіп отырған.

Гүлнар Әбдірахманқызы, Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы:
«Іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде Өзбекстан республикасының азаматы ұсталды. Одан жауап алу барысында аталған күдікті өзінің жанында тағы екі сыбайласының болғанын жеткізді. Бүгінгі таңда ұсталға 3 күдіктіден 1 дана газель маркалы көлігі мен 2бас жылқы тәркіленіп отыр. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеур амалдары жүргізілуде».

Яғни, ұсталған азаматтардың екеуі Өзбекстан Республикасының азаматы, ал бір азамат жергілікті тұрғын. Қазір аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынған.
                                                                                                Мөлдір Ибадуллаева