Қазақстан мен Ресей инновациялық өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға дайын

0

Қазақстан мен Ресей инновациялық өнеркәсіптік жобаларды

Өнеркәсіп

іске асыруға дайын. Сондықтан бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қоюдың маңыздылығы зор, деді Екатеринбургте өтіп жатқан «Өнеркәсіптік ауысу: көшбасшылардың тәжірибесі» атты пленарлық сессиясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы өз сөзінде Қазақстаннан келген делегаттар үшін осы алаңда кездесіп, өнеркәсіпті дамыту перспективаларын талқылау, сындарлы ұсыныстар мен пікір алмасу, көптеген мәселелер бойынша өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті. Әлихан Смайылов сөз соңында өнеркәсіптік ынтымақтастықты ынталандыру, өзара тиімді кооперация экономиканың одан әрі өсуіне тұрақты тірек болатынына сенім білдірді.

Әлихан Смаилов, ҚР Премьер-Министрі:»Өнеркәсіптің 7 бағыты бойынша 23 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Қазірден Қазақстан мен Ресей ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік салалардағы кооперацияға бағытталған жаңартылған технологиялық базаны құру бойынша өзара бірлескен жобаларды қолға алды.Ол үшін Қазақстанда тиісті институционалды және құқықтық негіз бар».

Шынар Оразова