Сарыағашта тағы да үшем дүниеге келді

45

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округінде үшем дүниеге келді. Ақ үй елдімекенінде тұратын бір қызы бар жас отбасы енді көпбалалы жанұяға айналды. Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық окургінде бір отбасы үш сәбиге толықты. Үшем Ақ үй елдімекеніндегі жас отбасында дүниеге келді. Бүгінде көпабалалы отбасыға айналған жанұяның жаңа мүшелерінің жағдайы жақсы. Анасы мен нәрестелер медицина қызметкерлерінің бақылауында.

Үш сәби дүниеге келген жас отбасының баспанасына ауылдық округ әкімі Қанат Иматов көгілдір отын құбырын кіргізуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, ауыл басшысы үй құжаттарын ресімдеуге де қол ұшын созамыз дейді.

Қуанышқа ортақтасып келген мәслихат депутаттары мен ауыл кәсіпкерлері де қолдан келгенше көмегімізді аямаймыз деп отыр. Олар көпбалалы отбасын құттықтап, өздерінің сый-сыяпатын ала келіпті.

Айта кетейік, аудан бойынша ең үлкен ауылдық округ болып есептелетін Құркелесте көп балалы аналардың саны 2392 жетті. Оның ішінде 341 ана алтын алқа иегері болса, 753 ана күміс алқа алған. Жалпы балалардың саны 10723 болса, жылдық туу көрсеткіші 963 сәби. Айтулы аймақта жыл басынан бері 446 сәби дүиеге келген.

Гүлдана Дәурен