Шымкент: Қаланың бас жоспарын талқылау жалғасуда

57

Шымкенттің бір шетінен екінші басына дейін кесіп өтетін жол тұрғындар үшін қолайлы әрі қолжетімді болуы керек. Мәселен, айналма жол салу, көгалдандыру және саябақтар санын көбейту шаһарға көрік бере түседі. Осылай деген мамандар қаланың бас жоспарына қандай өзгерістер енетінін айтты.

Арман Есенбеков, «Grad комплекс» ЖШС өкілі: «Қаланы айналып, шағынаудан мен аудандар арқылы өтетін жолды кесіп өтетін жағдай жасау керек. Өйткені мегаполисте халық саны күн сана өсіп келеді. Қаладағы кептелісті азайтып, ыңғайлы болу үшін бәрін жасау керек. Негізі барлық мүмкіндік бар».

Шымкенттің бас сәулетшісі өзіне тапсырылған аумақты ретке келтіремін дейді. Қиын, әрине. Алайда жасауға мүмкіндік бар. Ержан Нуразхановтың айтуынша, үшінші мегаполиске көп өзгеріс қажет. Ал қазір бір ай бойы бас жоспарды халық талқылауына ұсынып отыр. Өйткені, енгізілетін өзгерістер тұрғындарға қаншалықты қолайлы екенін білуіміз керек дейді басқарма басшысы.

Ержан Нуразханов,  Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы: «Кез-келген адам мына жерде журнал бар. Арнайы жасалған. Ұсыныс мен тілегін қалдыруға болады. Бұның бәрі алдын алып жатыр? Қазір бас жоспарды жасақтаушы компания бұл тілектерді алып қорытады. Қайсысы іске асады? Бұл жерде барлығын зерделейді. Іске асатын болса, қарайды. Ал аспаған күннің өзінде ол адамға жауап беріледі».

Жоспарлау қиын емес, бірақ жаңа қала құру үшін ұзақ уақыт қажет. Сондықтан жергілікті билік азаматтардың орынды ұсыныстарын қолдауға дайын. Айтпақшы, бас жоспар 2035 жылға дейін әзірленді, онда қала көшелерінен бастап LRT-ге дейін көптеген тың жобалар бар.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева