Шымкентте 1 жасар бала қауызға құлап, қайтыс болды. Оқыс оқиға 14 шілде күні сағат 22.00 шамасында Абай ауданы, Қызылжар шағын ауданы, Бершінтөбе көшесіндегі жеке тұрғын үйде орын алған.
Алдын ала болжам бойынша 2021 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Айта кетейік, шілде айының басында 6 жасар бала да қауызға құлап, қайтыс болған еді. Төтеншеліктердің айтуынша, мұндай жайт мегаполис бойынша соңғы үш жылда орын алмаған.
Ал қазір бір айдың өзінде 2 жағдай тіркеліп отыр. Сондықтан, мамандар бассейнге барғанда балаларды 1 минут та көзден таса қылмауға шақырады.
Әуезхан Серік, Шымкент қ.ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
«Шілде айында Шымкент қаласында 2 жасөсіпірім баланың бассейндегі жазатайып оқиғасы орын алды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті осыған орай сақтық шараларын еске салады. Құтқарушылар бар ресми жағажайлар мен бассейндерде және олардың жұмыс уақытында ғана шомылыңыз. Нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балаларға суға батуға бейім болады. Өйткені, олардың басы денесіне қарағанда салыстырмалы түрде ауыр. Сондықтан кез-келген суда оп-оңай батып ктеуі ықтимиал».
Мөлдір Ибадуллаева