Шымкентте орташа жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

22

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын аралау барысында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше көшеге барып, жұмыс барысын қадағалады.

Қазір қаладағы Ақжайық шағынауданында орналасқан Ақжирен, Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, №10 Сәйгүлік жалғасы көшелерінде орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Жалпы шағынаудан бойынша ұзындығы 2,5 шақырым жол жөнделеді деген жоспар бар.

Қазіргі таңда Тайқоңыр, Сәйгүлік, Самғау, Ақжирен көшелерінде жол негіздемесі және асфальтбетон жамылғысы төселіп, аяқжол орнату жұмыстары жасалуда. №10 және Сәйгүлік көшесінің жалғасында асфальтбетон жамылғысының бірінші қабаты төселіп, екінші қабаты төсеу жұмыстары атқарылуда.

Мөлдір Ибадуллаева