Шымкентте шекер жеткілікті мөлшерде: Алаңдауға негіз жоқ

52

 

 

 

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қорының айналым бағыты негізінде «Magnum Cash&Carry» ЖШС-мен келісімшарт түзілген.

Келісімшарт негізінде, әр тоқсан сайын бірінші қажетті әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларына комиссия шешіміне сәйкес бағалар бекітіледі.
Бүгінде келісімшарт талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 18 сауда желісінде құмшекердің бөлшек бағасы 440 теңгені құрайды. Бұл баға қала аумағында төмен бағалардың бірі болғандықтан «спекуляцияны» болдырмау мақсатында бір адамға босатылатын көлемге шектеу қойылған. Сол себепті шекермен тұрғындарды қамту үшін кезекпен берілуде.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында шекер жеткілікті көлемде және тұрғындардың «қант тапшылығы болады деп» негізсіз дүрлігуге бармауын сұраймыз.