Елде темір жол билеттерінің құны өсті. «Жолаушылар тасымалы» АҚ, өңірлер арасындағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бағасын жеті пайызға «индексациялады».
Бағасы өскені бір бөлек, тұрғындар билет таппай сабылып жүр. Жауаптылар мәселені шешу жолдарын қарастырып жатырмыз дейді. Арзан билет керек болса, 45 күн алдын сатып алу керек. Яғни, азаматтар сапарын алдын ала жоспарлауы тиіс. Осы арқылы азаматтар билетті 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен ала алады. Ал, жол жүруге таяғанда сатып алса, қымбатқа түседі.
Министрлік жолаушылар пойыздарында жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұлттық стандартты қайта қарады. Жасалған шарттар шеңберінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін, стандарттар мен санитарлық нормаларды сақтау бойынша тасымалдаушылардың жауапкершілігі көзделген.
Шынар Оразова