Түркістан облысында коронавирус инфекциясы 1,2 есеге өскен

50

Түркістан облысында өткен тәулікте (25.07.2022ж.) коронавирус инфекциясының зертханалық дәлелденген 6 жағдайы тіркеліп, 1 күндік өсім 0,03% құрады. Тіркелген аурушаңдықтың барлығы да симптомды белгілермен.

Өткен аптамен салыстырғанда COVID-19 1,2 есеге яғни, 24 жағдайға өскен. Түркістан қаласы 13 жағдайға, Түлкібас ауданы-8, Сарыағаш ауданы 6 жағдайға, Сайрам ауданы 4, Кентау, Төлеби, Сауран аудандары 3 жағдайларға, Жетісай ауданы 2- жағдайға өскендігі байқалады. Жалпы жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыста 2944 азамат COVID-19 инфекциясымен және 80 адамның пневмонияға шалдығуы тіркелді.

Өздеріңізге белгілі өткен жылы коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқанында халық арасында жаппай егілу жұмыстары белсенді жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде ұжымдық иммунитет қалыптасып, эпидемиологиялық тұрақтылыққа қол жеткізілді. Карантиндік шектеулер алынып, барлық өңірлер «жасыл» аймаққа енген болатын. ​​Дегенмен, 1-2-ші вакцинацияланудан соң, қайта ревакцинациялану деңгейі бәсеңдеп, COVID-19 инфекциясының қайтадан белең алуына алып келуде. 2 этапты вакцинадан арада 6 ай өткенде 3-ші вакцинаны, одан соң белгілі бір уақыт аралығында 4-ші вакцинаны алу қажет. Осылайша жаппай вакцинацияланудың арқасында біз ұжымдық иммунитетті сақтаймыз.

Жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде бетперде тағу ұсынылады.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысына сәйкес барлық медициналық ұйымдарда медициналық персоналының, қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің медициналық маска киіп жүруі міндетті.