Түркістан: Соңғы тәулікте 20 адамда COVID-19 жағдайы анықталды

27

Түркістан облысы бойынша соңғы тәулікте 20 адамнан КВИ анықталды. Тәуліктік өсім 0,10% құрайды. Облыста пандемия басталғалы КВИ-дің 18 577 жағдайы тіркелді. Оның 9647-ы симптомсыз өткен.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы КВИ аурушаңдығының көрсеткіші бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.
Бүгінде инфекциялық стационарларда 139 орын бар, 123 төсек орын бос.