Түркістанда елімізде баламасы жоқ балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Жаңа орталықта енді сәбилер музыкалық терапиямен емделеді. Ол үшін ауыр науқасқа шалдыққандармен жұмыс істеуге арналған арнайы кабинеттер жабдықталған.
Ал облысқа іс-сапармен келген денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық жұмысымен танысып, емделушілермен әңгімелесті! Орталықта ауруының ауырлығына қарамастан өмірге ғашық балалар ем алады.
Бұл оңалту орталығындағы ерекше балалардың бірі — Абылайхан Абдай. Жігерлі жігіттің мақсаты – қалай да аяғынан тік тұру! Ол әзірге денесін дұрыс ұстай алмайды. Себебі омыртқа сүйегі әлсіз. Десе де жастығына қарамастан өте табанды және аңғарымпаз.
Абылайхан Абдай, емделуші: «Мен былай артқа, алға қимылдап жатырмын. Өйткені мен денемді бір қалыпта ұстауым керек. Менде бәрі жақсы, дәрігерлер жақсы қарай ды».
Ал мұндағы дәрігерлер балалар үшін жақын досындай болып кеткен. Күнде бірге ойнайды, жаттығу жасайды және аурудан айығуына көмектеседі. Мысалы, бұл бөлмеде ақ қалаттылар балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ванна терапеясымен емдейді. Аталған ем бүлдіршіндерді психологиялық тұрғыдан тыныштандырып, тез сауығып кетуіне көмектеседі дейді дәрігерлер!
Айнур Марат, дәрігер: «Сенсорлы кабинет балалардың нерв жүйелерін тынышталдырады. Бұл түстерді ажыратуға көмектеседі. Көзінің оянуына жаттығу жасайтын құралы, балаларға 20 минут жасатамыз».
Қазақстанда мұндай орталық Түркістанда ғана бар. Сондықтан да еліміздің бас дәрігері кешеннің жұмысына зер салып, өз бағасын берді. Ажар Ғинияттың айтуынша, ең бастысы сапалы қызмет көрсетілсе, мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалады.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Таңертеңнен бері келіп жұмыс жасап жатырмыз. Көрген медициналық орынның бірі осы алғашқы көмек көрсететін мекеме. Халықтың 80 пайызы бірінші осы ауруханаларға келеді. Сол кезде халықтың денсаулығын тексеру, аурулардың алдын алу, олардың әр қарай мамандарылған көмек алу керек болса, оны соңына жеткізу сияқты жұмыстарды қарап жатырмыз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Біздің мақсатымыз — халықты профилактикаға және ауырмаудың жолын, егер ауырып қалса қандай жағдайда тезірек көмек алуға болады соның бәрін үйрету».
Айтпақшы, әлемде алышулы вирустың қайта өршіп келе жатқанын ұмытпауымыз керек, ал коронавирустың негізгі антидоты — бұл вакцинация. Министрдің айтуынша, елде екпеге байланысты ешқандай мәселе жоқ!
Әсел Мәлік