Үздік өнім анықталды

45

Таразда үздік отандық тауар таңдалды. Іріктеу «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауында өткізілді. Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды.

Аталған шара 2006 жылдан бері өткізіп келеді. Өңірлік байқау жеңімпаздары үш номинация бойынша таңдалды. Қатысушыларды бағалау кезінде қазылар алқасы ең алдымен өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін ескерді. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары енді жыл соңында Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық шараға қатысады.

Гүлдана Дәурен