Ел бойынша 11 мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. 600-ге жуық кәсіпорында тексеріс жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторлары осындай дерек келтіріп отыр.
Айтуларынша оларға жұмыс берушілері үш миллиард теңгеден астам ақша қарыз болған. Қазір еңбек құқығын сақтамаған мекеме басшыларына нұсқама беріліп, 85 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Әрі жалақы бойынша берешекті өтеу үшін арнайы кесте жасалып, мерзімдері белгіленді.