12 миллионға жуық студенттің несиесі кешірілді

47

АҚШ-та 12 млн-ға жуық студенттің несиесі кешірілді. Мұндай шешімді президент Джо Байден қабылдады.

Шара жылдық табысы 125 мың доллардан төмен азаматтарға арналған. Оның аясында 11 млн 800 мың борышкер жалпы алғанда 300 млрд доллардан астам несиені қайтармауға құқық алды.

АҚШ-та жеке және мемлекеттік оқу орындарында білім алу қымбат. Сол себепті, америкалықтардың студенттік несие бойынша қарызы көп.