«Көшедегі көлік жарысынан әбден мезі болдық» деген Абай ауданының тұрғындары арнамызға шағымданды. Сөздерінше, бейнебақылау камерасы орнатылмаған жолдың бойында автокөліктер жоғары жылдамдықпен жүреді. Ол аздай араларында қап-қап қоқыс қалдырып кететіндер де бар көрінеді. Ал оны ешкім тазаламайды.
«Әкім келердің алдында екі-үш күн жақсылап тазалады. Өмірінде көрмеген тазалықты Малхаров көшесі әкім келерде бірінші рет көрген шығар. Рақмет әкімнің келгеніне»,- дейді тұрғындар.
«Көшеміз тек қала әкімі келгенде тазаланды» деген Абай ауданының тұрғындары құдды бір қоқыс алаңында тұрып жатқандаймыз дейді. Өйткені, автокөлік иелері лақтырып кететін қалдықтарды ешкім тазаламайтын көрінеді.
Тұрғындардың сөзінше, мұнда көлік жарысы жиі болады. Ал оны тіркеуге алатын «Сергек» камералары жоқ. Балаларымыз үшін алаңдаймыз деген халық жергілікті әкімдіктегілерден көшені ретке келтіріп беруін сұрайды.
Нұрсұлу Абетаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Жастар шығып көлік жарыс жасайды. Бұрын ана Қонаевта жасайтын еді ғой. Бәрібір білеміз. Сол «гонка» қазір біздің көшемізге ауысты. Түнге қарай балдардың бәрі шығады да машиналармен жарысады. Кішкентай балдарды шығармай ұстап отырамыз. Былтырдың өзінде екі баланы көлік қағып кетті. Бізге мынандай «гонка» жасап, мынандай жарысқа түсетін нәрселер крек емес».
Дәмеш Тулекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Малқаров көшесіне «Сергек» камераларын қою керек. Көше басында тек екі бақылаушы камера бар. Бірақ олар жылдамдықты асырған жүргізушілерді тіркемейді екен. Әрі бізде жаяу жүргіншілер жолағы да жоқ. Бізге балалардың қауіпсіздігі маңызды. Әрі сол өткен-кеткен көліктердің барлығы қап-қабымен қоқыстарын әкеліп тастайды. Зардабын жергілікті халық көріп жатыр. Қашан қарасаң екі жолдың ортасы қоқыс басып жатады. Осы жерде абаттандырып қойса болады ғой?».
Сондай-ақ халық қоқыс басып жатқан екі жол ортасына ойын алаңшасын салып берсе деген ұсыныс та білдірді.
«Мына көшемізге ойын алаңдары салынса, үлкен кіслер бар бұл жерде, зейнет жасындағы кісілер бар. Сондықтан мына қоқыс басып жатқан мына ортадағы жерге ойын алаңшаларын соғып берсе екен»-,дейді Жібек Қожабаева.
Ал Абай аудан әкімдігінің бас инспекторы Бауыржан Қалмұратов бұл мәселелер көп ұзамай шешіледі деп сендірді. Айтуынша, проблемалардың басты себебі-көшенің әлі қабылданбауында. Мәселенің барлығы кезең-кезеңімен шешіледі деді шенеунік.
Бауыржан Қалмұратов, Абай ауданы әкім аппартының бас инспекторы:
«Гүлдер отырғызамыз. Қызғалдақтар, талдар отырғызылады мына көшенің бойына. Осы күзде. Қыркүйектің ортасында жарықтандыру болады. Келесі жылға біз бұл көшенің толық тазалығын кіргіземіз. Кәдімгі қала орталығындағы орталық көшелер есебінен тазалыққа енеді. Қазіргі таңда біз өтініш жасап тазартып жатырмыз. Өйткені, бұл көше қабылданбағаннан кейін біз тазартуға қоя алмаймыз».
Сергек камералары мен жаяужүргіншілер жолағы де көше қабылданған соң орнатылады. Ал ойын алаңшасын салып беріңіздер деген тұрғындардың өтінішін қала әкімдігіне жеткіземіз деді бас инспектор.