Әжетханалары талапқа сай емес мектептер де бар…

57

 

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты бірнеше мектептерге мониторинг жүргізді. Бұл туралы басқарма басшысы Ғалымжан Алматов хабарлады. Мониторинг жұмыстары 5 тамызда бітеді. Алайда соған дейін жүргізіліп жатқан жұмыстармен қысқаша таныстыра кетейік.

Мониторингтің мақсаты – мектептерді оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталғаны, оның ішінде бейнебақылау жүйелерімен, пәндік кабинеттермен, санитариялық-гигиеналық жағдайлары және т. б. мәселелерді зерделеу.

Мониторинг барысында кейбір мектептерде бейнебақылаудың орнатылуы талапқа сай еместігі анықталды, яғни камералар директордың кабинетінде орналасқан, бірінде 24 күн сақталса, бірінде жазбалар бір күн ғана сақталады.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы N49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы N32 бірлескен бұйрығының 2 тарау, 6 бабына сәйкес бейненің сақталуы 30 күнді құрауы тиіс деген талабына сәйкес келмейді

Яғни мектептердің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігін атап өтеміз. Кейбір мектептің материалдық-техникалық жабдықталуы да нашар жағдайда. Жиһаздары ескірген, компьютерлер мен бейнекамералар ескі, терезелер мен парталарды ауыстыруды қажет етеді.

Көптеген білім беру ұйымдарына тіпті жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге де қаржыландыру бөлінбейді. Мектептерде жаңа модификациядағы пәндік кабинеттер жоқ.

Сонымен қатар, мектептердің кітапхана қоры жеткілікті, алайда мектептерде әдеби кітаптарға 2 жылдан бері қаржы қаралмаған. Басым көпшілік мектептерде әжетханасы ғимарат сыртында да, ішінде де орналасқан. Алайда кейбір мектептерде әжетхана аралары бөлінбеген, есіктері мүлдем жоқ.

Тиісті ақпарат мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады.