Баспананың құны шарықтап барады

36

Бір жылда екінші нарықтағы пәтерлер құны 26 пайызға  қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросы әсіресе Қызылорда, Өскемен, Талдықорған, Нұр-Сұлтан қалаларындағы тұрғын үйлердің шаршы метрі шамамен 40-45 процентке артқанын хабарлады.

Жаңа үйлер де арзан емес. Былтырдан бері баспананы жалдап тұрудың өзі 20 процентке қымбаттаған. Бір ғана Алматыдағы баға 47 пайыздан асқан. Бұған дейін саладағы сарапшы Ермек Мүсірепов жаңадан құрылған өңірлерде баспана бағасы аспандап кеткенін жеткізген еді. Бірақ сұраныс азая сала баға қалпына келетінін ескертті. Ал жыл басынан бері елде жылжымалы мүлікті сатып алу — сату келісімдері екі есе қысқарған.

Шынар Оразова