Бензинді заңсыз экспорттамақ болған

31

Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысында осындай 5 вагон-цистернаны ұстаған. Онда құны 90 млн теңге болатын 280 тонна АИ-95 маркалы бензин тиелген.

Алайда жүк жанармай қоспасы ретінде көрсетіліпті. Күдіктілер елден 45 млн доллар болатын 50 мың тонна жанар-жағармайды заңсыз әкетуді жоспарлаған. Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Шынар Оразова