Премьер-Министр Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Оған қатысушылар Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясатының жобасын қарады. Онда экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету мен экономиканы әртараптандыруды сынды маңызды міндеттер талқыланды. Ауыл шаруашылығын реттеу мәселелерін талқылау аясында Үкімет басшысы салалық министрлік тарапынан жіберілген кемшіліктерді атады. Әлихан Смайылов бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынбағанын ескертті. Тек квота түрінде шектеулер енгізуді тапсырған министрлік шаруаларды біраз әбігерге салған.
Шынар Оразова