Бір тәулікте 401 адам коронавирусты жеңіп шықты

19

Өткен тәулікте елімізде 230 адам короновирус инфекциясын жұқтырған. Оның екеуі Шымкент қаласының тұрғыны. Түркістан облысынан 1 адам вирус жұқтырғандар қатарында. Ел бойынша індеттен 401 адам жазылып шықты. Оның ішінде Түркістан мен Шымкент тұрғындары жоқ. Қазақстан бойынша вакцинацинаның 1-компонентін 10 823 070 адам салдырды. 2-ші компонентін 10 566 672 адам алды.

Ал Шымкентте 707 804тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 698 294 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 296 343, II компонентін 1 292 255 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірлері жасыл белдеуде.