«Бірінші сыныпқа бірніші рет!» «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Бұл шараға облыс көлеміндегі медицина саласының мамандары қатысады. Яғни, жаңа оқу жылы қарсаңында аталған салада қызмет етіп жүрген көп балалы, және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
Акция барысында 1 сыныпқа баратын баласы бар жанұяларға мектепке қажетті құрал жабдық салынған сөмеке таратылды.
Биыл Алуа алғаш рет мектепке барып, оқушы атанбақ. Қолына қалам ұстап, әріп тануға асыққан ол, дәл бүгін арманыма бір қадам жақындадым, дейді. Мектепке қажетті құрал-жабдық салынған сөмкені қолына ұстаған бүлдіршіннің қуанышында шек жоқ.
«Дәптер бар, сурет салатын, ручка, қалам салатын бар, мектепке барамын, Құдай қаласа барамын».
6 жасар Алуаның жанұясында өзімен бірге, мектеп жасындағы 3 бауыры бар. Қыздың анасы төрт бірдей баланы жаңа оқу жылына дайындау оңай емес, дейді. Ал, бүгінгі «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы өзі сынды көпбалалы ата-аналар үшін үлкен көмек екенін айтады.
Меруерт Бимұсаева, Көпбалалы ана: «Кәсіподақ ұжымы шақырып, осы балаларымызға сумка беріп жатыр. Құдай қаласа 1-сыныпқа барады. Мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтар бар екен ішінде, сәл де болса көмек қой».
Аталған акция «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілуде. Негізгі мақсат, облыстық денсаулық сақтау мекемемелеріндегі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созу. Ұйымдастырушылар, дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан акция көлемін жыл сайын ұлғайтуды көздеп отыр.
Кәсіподақ бүгінгі акция барысында 1-сыныпқа баратын 30 ға жуық бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдық салынған жаңа сөмке табыстады. Бұл балалардың ата-аналары денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкері Шолпан Мырзатаеваның сөзінше, биыл аталған көмек көп балалы отбасыларға ғана емес, барша бірінші сыныпқа баратын баласы бар қызметкерлерге ұсынылған.
Шолпан Мырзатаева, Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы: «Балалары көп болған жағдайда жағдайы төмен отбасыларды таңдап алып беруші едік жылда, бірақ биыл ондай таңдау жүргізбедік. Себебі қызметкерлеріміздің жалақысы өсті, жағдай төмен дегендер азайды. Сондықтан биыл тек қана баласы 1-сыныпқа баратын ата-аналарады таңдап алдық».
«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» қайырымдылық шарасы 2021 жылы бастау алған. Кәсіподақ былтыр осы акция барысында 204 балаға көмек көрсетсе, биыл 473 отбасына қол ұшын созды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар аталған жоба алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді.
Аида Қарсыбайқызы