Биыл интернет алаяқтығы 18 пайызға азайды

23

Елімізде интернет-алаяқтығы 18 процентке азайған. Бұл өткен жылмен салыстырғандағы көрсеткіш.

Сондай-ақ киберқылмысты анықтау барысында салғырт жұмыс істегені үшін 11 аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев мәлімдеді.

Айта кетейік жыл басынан бері 11 500 ғаламтор-алаяқтығы тіркеліп, 8 қылмыстық топ ұсталған.

Мөлдір Ибадуллаева