Түркістан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін жинау бойынша рекордын жаңарты. Биыл облыс диқандары 1 млн. 491 мың тонна бақша дақылын жинады. Оның ішінде 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз шетелге экспортталған.
Ал жыл басынан бері Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалды. Сөйтіп жалпы табыс мөлшері 339 млрд. теңгені құрады.
Ал нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға ұлғайды. Атап айтқанда өңірде ет, сүт пен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алған.
Мөлдір Ибадуллаева