Биылғы оқу жылында 28 мың бала бірінші сыныпқа барады

85

Биыл Шымкентте 28 мың бала бірінші сыныпқа барады. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 3 мыңға артық. Тағы бір жаңалық, биыл шаһардағы 223 мектептің 218-і бескүндік сабақ кестесіне көшеді, қалған бес мектеп үш аусымдық болғандықтан аптасына алтын күн оқитын болады. Қаланың бас педагогы Жанат Тәжиеваның мәлімдеуінше, мектептер жаңа оқу жылына дайын.

Санаулы күндерде жаңа оқу жылы басталып, шәкірттер үш ай демалыстан соң ұстаздарымен қайта қауышады. Олардың қатарындағы 28 мың оқушы, мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ. Айта кетейік, биылғы жаңа оқу жылында білім беру саласында бірқатар өзгерістер бар.
Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы: «Шымкентте 223 мектептің 218 бес күндік кестемен оқиды, қалған 5 мектеп үшінші аусым болған соң аптасына 6 күн оқиды. Биылғы оқу жылында 28 мың бала бірінші сыныпқа қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық».

Шаһардағы Айбек атындағы №14 жалпы орта мектепке биыл бірінші сыныпқа 93 оқушы қабылданды. Мұндағы 46 сынып жиынтығында екі аусымда бескүндік кесте бойынша дәріс беріледі. Негізгі ғимараты өткен ғасырдың 30 жылдары қаланған, 1989 жылы қосымша ғимарат бой көтерген мектепте былтыр күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Гаухар Байбосынова, Айбек атындағы №14 мектептің директоры: «Жылу жүйесі жөнделді енді қыста жылы болады. Ата-аналармен оқушыларды жаңа оқу жылында күтеміз. Бескүндік кестеге  бойынша  2 аусымда оқитын боламыз».

Ал мынау шәкірттер жаңа оқу жылында өтетін мерекелі іс-шараға дайындық үстінде. Биылғы жаңа оқу жылында іске қосылған білім ордасында балаларды қабылдау жұмыстары жалғасуда.

Айман Бердімбетова, Шымкент қаласындағы №1 жекеменшік мектептің директоры: «Біз биыл ашылдық, 1200 балаға шақталған 500 – дей бала қабылдадық, 150 бірінші сыныпқа, аптасына бес күн оқитын боламыз. Қалған уақытта сабаққа дайындалу үйірмелер болады».

Үкіметтің 1000 мектеп бағдарламасы аясында Шымкентте 101 мектептің құрылысы жоспарланған, биылғы оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады, инвесторлар есебінен 25 жекеменшік білім ордасы іске қосылмақ.