Абай болмасаңыз банктегі бұл қаржыңызға әлдебіреулер қол сұғуы мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алаяқтықтың жаңа түрі жайлы ескертті.
Айтуларынша әккі қулар қор қызметкері болып телефон соғып, шотыңыздың бұғатталғанын айтады. Және оны одан шығару үшін арнайы шотқа қаржы аударуды сұрайды. Зейнетақы қорындағылар бұған сенбеуді және шоттың ешқандай жағдайда бұғатталмайтынын ескертеді.