Енді аудан әкімдерін халық сайлайды

22

Елде енді аудан әкімдерін халық сайлайды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп мәлімдеді. Бұдан бөлек, конституциялық реформаға сәйкес облыс әкімдері өңірлік мәслихат депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады. «Осылайша елдің саяси жүйесі біртіндеп трансформацияланып келеді» дейді Ерлан Қарин.

«Бір жыл бұрын ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған еді. Былтырғы шілдеден бері 1093 елді-мекеннің әкімі сайланды. Оның 215-і өзін-өзі ұсынса, 116-сы қайта сайланған бұрынғы әкімдер. Бір жыл ішінде ауыл әкімдерінің корпусы 55,6% жаңарды. Бұл 608 ауылға жаңа басшы келді деген сөз. Оның басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте болып көрмеген. Яғни дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорын мен шаруа қожалығының басшылары халық сеніміне ие болған. Жыл соңына дейін 214 елді-мекеннің басшысы тікелей сайлау арқылы қызметіне кіріспек. Ал 2023 және 2024 жылдары 1037 ауылдық округте сайлау өтеді» деп жазылған телеграмм арнада.

Мөлдір Ибадуллаева