Енді қазақстандықтар Андорраға визасыз бара алады

22

Андорра Қазақстанмен туризм саласын дамытуға мүдделі. Енді екі ел арасына қатынау үшін визаның қажеті жоқ.

Үкімет басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убахпен кездесіп, визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, кездесу барысында екі ел арасындағы туризмнің моделін қалыптастыру тетіктері талқыланды.

Мария Убах, Андорраның Сыртқы істер министрі: «Қазақстандағы Шымбұлақ тау кешені Андорранікіне қатты ұқсайды. Оны мен күні кеше Алматыға жасаған сапарымда байқадым. Алдағы уақытта тәжірибе алмасамыз деп сенемін».

Мөлдір Ибадуллаева