Бұған дейін Тұран шағынауданында пайдалануға берілген 151 пәтерде кемшіліктер анықталған еді. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов тапсырманың орындалу барысын бақылау мақсатында тұрандықтармен кездесті.
Бүгінде мәселелер шешімін тауып келеді деген шаһар басшысы инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары да өз кезегімен жүргізілетінін жеткізді. Кездесуден кейін әкім инфрақұрылым, көгалдандыру, абаттандыру, жылыту қазандықтарын тексерді. Айта кетейік, 2020 жылдан бері Тұран шағын ауданында 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп келеді.