«Қауіпсіз қала» акциясы өтті

46

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Қауіпсіз қала» республикалық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – қауіптілік тудыратын ашық тұрған люктердің, аулалардың жарықтануын және аула клубтарының қауіпсіздігі, салауатты өмір салтын балаларға насихаттау.
Аталған акцияға Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қоғамдық кеңес төрайымы Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру және Денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Ташходжаева Хилола Ахмеджанқызы, Шымкент қаласы «Adaldyq-alany» жобалық кеңсесінің мүшесі Қунышбек Бақдаулет, Абай аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің аға лейтенанты Құлдыбек Тұралы Төгелбайұлы қатысты.
Мониторинг барысында қаладағы аудандардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында аулалардың жарықтануын түгел бақылауға алып, мониторинг жүргізді.
Рейд жұмыстары 08-19 тамыз аралығында қаладағы Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау аудандары бойынша арнайы кесте арқылы жүргізіледі. Рейд нәтижесінде кездескен кемшіліктердің барлығы тиісті мекемелерге жіберілетін болады.