Ресейде бидай арзандап барады

16

Ресейде бидай арзандап барады. Қазір көрші елде орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл мұнда егін бітік шықты, бірақ дихандардың көңілі күпті.

Өйткені баға құлдырай берсе, кеткен шығынды жаппай қалады деп алаңдайды. Сондықтан шаруалар Үкіметке ұсыныс хат жазыпты. Яғни, мемлекеттік қорға сатып алатын көлемді ұлғайтып, бидай экспортына БАЖ салығын алып тастауды сұраған.

Дихандардың айтуынша, БАЖ салығы бидай құнын төмендетуге өз әсерін тигізіп отыр. Бірақ техинка мен тыңайтқыш кейінгі 8 айда 1,5-3 есеге қымбаттаған. Ал бидай керісінше, 18-20 рубльден 12-13 рубльге дейін арзандады. Егер шаруалар осы бағамен сатса пайда таппақ түгілі, тақырға отырамыз деп дабыл қағып отыр.

Биліктен бидайдың ең төменгі шекті бағасы келісіне 15 рубльден арзандатпауды сұрады.  Қазақстан валютасына шаққанда 110-115 теңге шамасында.