Сарбаздардың суицидке бейімділігін анықтау үшін цифрлық білезік тағылады

43
фото old.aqmeshit-aptalygy.kz

Отан алдындағы борышын өтеуге барған азаматтарды қадағалау күшейтіледі. Енді сарбаздарға цифрлық білезік тағылады. Бұл-әскердегілердің жүрген жері мен жүрек қағысын бақылап отыру үшін қажет. Сондай-ақ сарбаздың суицидке бейімдігінен де хабар береді. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Әскери салада инфрақұрылымдық техникалардың ескіргені де министрліктің назарынан тыс қалмады. Әрі әскерде ІТ мамандар да тапшы екен.

«Инфрақұрылым проблемасы бар. Компьютерлер, серверлер, комутаторлардың көбісі ескірген. Мұны мойындауымыз керек. Соңғы үш айда оншақты әскери бөлімді аралап шықтым. Солардың ішінде 10-15 жыл бұрын қолданыстан шыққан «Pentium III»-пен жұмыс істеп отырғандар бар. Ол да бір үлкен мәселе»,-деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Мөлдір Ибадуллаева