Шымкентте қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда жаңа оқу жылына және жылу беру маусымына дайындық мәселелері пысықталды. Сондай ақ, депутаттар ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлерге төленетін салық мөлшеріне қатысты мәселені де талқылады.
«Агросервис» шаруа қожалығының өкілі: «Бізде жайылым жер бар еді. Жер салығы өскен. Оны біз төлемейміз. Қалай төлейміз өзіміз күнімізді әрең көріп отырғанда».
Қала іргесіндегі шаруа қожалықтары биыл жер салығынының базалық ставкасы тым жоғары, оны төлеуге шамамыз келмейді деп наразылық білдірген болатын. Мәселені жоғары деңгейде көтерген диқандардың жан -айқайына өкілетті және атқару органдары құлақ асып, қалалық мәслихаттың сессиясында ауыл шрауашылығы мақсатындағы жер салығы мөлшерін төмендету бойынша мәселені талқылады.
Шымкенттің бас педагогы Жанат Тәжиева, үш ауысымда оқытатын мектеп саны 9-дан 5-ке төмендейтінін айтты. Сонымен қатар қаладағы білім ордаларының басым бөлігі қыс мезгіліне дайын.
Шымкенттің бас коммуналшысы алдағы жылу беру маусымына тек мектептер ғана емес, бүкіл қаладағы қазандықтар, сорғыш стансалары дайын екеніне сенімді. Қазіргі уақытта тозығы жеткен жылу жүйелері жаңаланып, магистралды құбырлар сығымдаудан өтті. Сәйкесінше, қажетті отын қоры да жеткілікті дейді шенеунік.
Шынар Оразова