Келес аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай-ӘҚБтК) 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының азаматы А 2019 жылғы 6 маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарламаған.
Құқық бұзушы А. ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 612600 (алты жүз он екі мың алты жүз) теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген.