Шымкент: Айнатас тұрғын алабының 9 көшесіне асфальт төселіп жатыр

37

Еңбекші ауданына қарасты Айнатас тұрғын алабының 9 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар, Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген және Бестерек көшелері.

Жалпы тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың ұзындығы 5 шақырымнан асады. Құрылыс тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан- 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мөлдір Ибадуллаева