Еліміздің білікті акушерлер-гинекологтары Шымкентте бас қосты. №2 қалалық аурухана базасында өткен конференция барысында медицина мамандары акушерлік қызметтегі жаппай қан жоғалтуды дер кезінде диагностикалау, алдын алу және емдеу бойынша білім деңгейін арттырды.
Ақ халаттылардың айтуынша, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі қауіпті фактор- акушерлік қан кету. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады дейді.
Асхат Жакибаев, №2 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: “Акушерлік қан кетуді емдеудің ең кең таралған тәсілі жаңа мұздатылған плазманы, криопреципитат, тромбоконцентрат және қан ұю факторларының оқшауланған препараттарын (VII фактор концентраттары және т.б.) енгізу болып табылады. Бұлардың тиімділігі консервативті шаралар жеткіліксіз және тұрақсыз болып қалады. Қазіргі уақытта дәрігер-клиникке гемостаздық жүйеге біріктірілген, ынталандырушы әсер беретін жаңа жоғары технологиялық препараттар ұсынылды, олардың тиімділігі клиникалық зерттеулерде дәлелденді”.
Айта кетейік, конференцияға ҚР реанимация бойынша жетекшісі,
Евгений Меренков қатысып, жетекшілік етті. Жалпы шараға Шымкент қаласынының 5 денсаулық сақтау мекемесінен 50-ден астам анестезиолог, реаниматолог, акушер-гинеколог, лаборанты қатысты.