Шымкент жылу маусымына 65 пайыз дайын

37

Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқын алған. Шаһар аумағындағы 400 шақырымнан аса магистралды құбырлар сығымдаудан өтіп, тозығы жеткен 18 шақырымдағы жылу құбырлары жаңаланбақ.

Жалпы, бүгінгі күнге мамандар 2022-2023 жылға арналған жылу маусымына дайындық межесін 65 пайызға жеткізіп, қыркүйектің соңында толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Шаардағы Тоқаев пен Тұрысов көшелерінің қиылысындағы жылу жүйесі жаңалануда. Жоспар бойынша әбден тозығы жеткен құбырлар замануи жылуды көпке сақтайтын арнайы оқшауланған құбырлармен алмастырылды.

Жанұзақ Қошанов, «Қуатжылуорталық -3» МКК шебері: «Қошқар ата өзенінен бастап мына Түркістан көшесіне дейінгі аралықта диаметрі 530-дік  құбырлар  алмастырылды. 12 компенсатордың 10- нын орнаттық , қалған екеуін  орнатудамыз».

Жылуберушілер шуақты күндерді пайдаланып, алдағы жылу маусымына дайындықты жоспарланған кестеге сәйкес бітіруге тырысуда. Бұл учаскеден кейін бригада Отырар шағынауданындағы жол бойындағы магистраалды құбырларды алмастырады.

Бүгінге қала аумағындағы 15 қазандықтың 12-сі дайын, 3-у қазір жөнделуде. 17 сорғыш стансаларының 14-і тексеруден толық өтті, 2-уінде ағымдағы , біреуінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Нұрбек Орынбаев, «Қуатжылуорталық-3» МКК бас инженері: «Қаладағы ұзындығы  411  шақырымға созылған жылу трассасы сығымдаудан өтті, 18 шақырымында  ауыстыру жұмыстары қарастырылған. Ең үлкен құбыр диаметрі 720-лық пен  57 -лік  жаңалануда. Жалпы жылу маусымына 65 пайызға жеттік. Қыркүйектің соңында барлық жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлаудамыз».

Алдағы жылу маусымының еш күрделіксіз өтуі жөндеу және дайындық жұмыстарының сапасына тікелей байланысты екенін жылу беруішлер жақсы түсінеді. Сондықтан, олар барлық мүмкідікті пайдаланып, 2022-2023 жылу маусымына арналған іс шараларды мерзімінде аяқтауға бар күшін салуда.

Шынар Оразова