Шымкентте бір жасар бала электр тогынан қайтыс болды

75

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 2022 жылғы 15 тамызда сағат 20.30-да «103» қызметінен электр тогынан соққы алған 2021 жылы туған ұл бала қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған. Ата-анасының айтуынша, үйде «Әсел» пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылу тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды.

Қалада тамыз айында электр тоғынан соққы алып, 2 жазатайым оқиға орын алған. Оның бірінде 2013 жылғы қыз бала зардап шеккен, ал 2021 жылғы бүлдіршін қайтыс болды.

Шымкент қ.ТЖ департаменті ескертеді! Құрметті ата-аналар! Балаларға абай болыңыздар! Қауіп төндіретін электр қалқандардың, ашық электр желілердің қасында балаларға ойнауға рұқсат бермеңіздер! Тозығы жеткен электр желілерді уақытылы ауыстырып, сақтық шараларды сақтаңыздар.