Шымкентте өрт сөндірушілер ана мен баланы уланудан сақтап қалды

17

Шымкент қ.ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне 2022 жылғы 7 тамызда сағ. 14:48-де өрт туралы хабар түседі. Оқиға Еңбекші ауданы, 17 шағын ауданындағы №9 үйдің бір пәтерінде орын алған.

Алғашқы жетіп келген өрт сөндіру бөлімінің мамандары үшінші қабаттағы пәтердің ішіне өрт сатысы арқылы кіреді. Пәтердің асхана бөлмесінде газ плитада ыдыста тамақ қалып кеткен, салдарынан пәтер іші түтінге толған, өрт шықпаған. Өрт сөндірушілер 1979 жылғы азаматшаны және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарды.
Алдын ала болжам бойынша азаматша масаң күйде болып, ұйықтап қалған. Баланың жылаған дауысын естіген көршілер есігін қағады, бірақ ішінен ешкім жауап бермеген.
Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖ департаменті Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 дана техникасы жұмылдырылды.
Болуы мүмкін өртті алдын алу мақсатында спирттік ішімдік ішіп, ұйықтап қалмаңыздар, жас балаларға абай болыңыздар.
Аманбек Бейсембаев
Шымкент қ.ТЖД бастығының орынбасары