Шымкентте танысын «көлік алып беремін» деп алдаған тұрғын қолға түсті

46

Шымкенттік тұрғын танысын «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігін алып беремін деп сендіріп, 4 млн. теңгесін жымқырып кеткен. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ірі көлемді қаржысынан айырылып қалғаны жөнінде арызданған.

Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Аталған жайт ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеуге алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы: «Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады».

Гүлдана Дәурен