1-жартыжылдықта Шымкенттегі 188,3 шақырымнан тұратын 91 көшеде жөндеу жұмысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның 19,3 шақырымы күрделі жөндеу, 169 шақырымы орташа жөндеуден өтті. 10 шақырым магистралды көше болса, 159 шақырым ішкі орам көшелері.
Бұл туралы қала әкіміне есеп беру барысында жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов баяндады. Айтуынша, мегаполисте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде: құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін.
Жауаптылар жыл соңына дейінгі жоспар орындалса, қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 процентке жетеді деп жоспарлап отыр.
Мөлдір Ибадуллаева