«Фиркан» басшылығы қазақстандық ең ірі Magnum сауда желісімен келісім жасағанын
хабарлады.
Сечкин Пишкин, «Фиркан» сауда желісінің басшысы:
«Фиркан» ЖШС иелері мен басшылығы бизнес құрылымын өзгерту туралы шешім
қабылдады. Атап айтқанда, тауарларды таратуға назар аудару және жеке өндірісін
кеңейту (нан-тоқаш өнімдері, жеміс-көкөніс консервілеу, алкогольсіз сусындар). Біз
бөлшек сауда дүкендерді екі жаққа да тиімді шарттармен жалға алу құқығын Magnum
сауда желісіндегі әріптестерге бердік. Бұл республикалық және аймақтық нарық
көшбасшы, бірнеше жылдан бері қаламызда жұмыс істейді, стандарттарды белгілейді
және заманауи бөлшек сауда форматын дамытады. Magnum – біздің сенімді серіктесіміз. Бұл қала тұрғындары үшін тамаша жаңалық, өйткені шымкенттік тұтынушыларға ең жақсы қызмет көрсететініне сенімдіміз».
«Фирканда» атап өткендей, дүкендерді беру процесі біртіндеп жүзеге асады және
клиенттер мен серіктестер үшін барынша ыңғайлы болады. Жаңа форматқа көшу кезінде сауда нүктелері кезегімен жабылады. Magnum-пен келісім бойынша барлық жұмыс орындары мен қызметкерлерге ақы төлеу шарттары сақталды.
Азамат Османов, Magnum сауда желісінің бас директоры: «Шымкент — біз үшін сүйікті және жанымызға жақын қала. Мен өзім сонда өстім. Еліміздің
оңтүстік өңірлерінде серіктестермен және адал тұтынушылардың ауқымды
аудиториясымен жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Біз сүйікті тұтынушыларымызға
жақын болу үшін танымал «Фиркан» желісі негізінде дүкендерді көбірек ашатынымызға
өте қуаныштымыз. Біз Шымкент тұрғындарын үздік ұсыныстармен және тамаша
сервиспен қуанту үшін бар күшімізді, біліміміз бен тәжірибемізді жұмсаймыз. Біз сүйікті
тұтынушыларымыз үшін көптеген акциялар мен жеңілдіктер дайындадық және біз
сіздерді ескі және жаңа мекенжайларда күтеміз!»7
«Тельмандағы Фиркан Express» мекенжайындағы алғашқы Magnum 27 тамызда ашылады.
14 «Фиркан» сауда нүктесінің барлығын беру 2022 жылдың желтоқсанына дейін
аяқталады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде Шымкентте Magnum желісінің 18 дүкені
жұмыс істеп тұр.
Анықтама:
«Фиркан» ЖШС – ірі дистрибьюторлық компания, соның ішінде Шымкент қаласында
жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда желісі. Желінің алғашқы дүкені 2007 жылы
ашылды. Бренд аясында үш форматтағы сауда нүктелері жұмыс істейді: үйдегі дүкендер, супермаркет, гипермаркеттер. Қазіргі уақытта желіде 14 дүкен бар.
Magnum – Орталық Азиядағы ең ірі сауда желісі. Қазақстанның 14 қаласында және
Ташкентте әртүрлі форматтағы 208 филиалы бар (гипермаркет, Super, Express, Daily).
Компания 2007 жылдан бері жұмыс істейді және Қазақстандағы ең ірі жеке он
компанияның бірі. Күн сайын Magnum дүкендеріне шамамен 350 000 сатып алушы келеді.
1,2 миллион адам Magnum Club адалдық бағдарламасының мүшелері.