Тұрғын: «Табысымыздың басым бөлігі азық-түлікке кетіп жатыр»

57
фото aikyn.kz

«Жыл сайын шығын көлемі өсіп келеді, бірақ кірістен айтарлықтай айырмашылық байқау қиын». Шымкенттіктер дәл осылай шағымданады.

Қалалық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындар қаржысының басым бөлігін азық-түлік пен тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар үшін жұмсайды. Халықтың кейбірі қарапайым күнделікті тұтынатын азық-түлік үшін айына кем дегенде екі жүзмыңнан астам ақша жұсайтынын айтса, енді біразы бірқатар қымбат тағамдардан бас тартқанын жеткізді.

Бірінші жартыжылдықта қазақстандықтар елдегі дүкендер мен базарларда 6 триллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, отандастарымыздың басым бөлігі өткен жылға қарағанда табысының 15% -дан астамын аталған орындарда жұмсаған, — дейді ranking.kz сарапшылары. Оның 2 триллион теңгесі азық-түлік үшін, ал қалған 4 триллионы тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтарға жұмсалған.

Шымкенттік тұрғындар айлыққа қарап күн көреміз дейді. Онда да, көпшілік табысының басым бөлігі азық-түлікке жұмсалады. Ал, кей тұрғындар бағаның шарықтауына байланысты қымбат тағамдар мен экзотикалық жемістерді тұтынудан мүлдем бас тартқанын айтады.

«Айлығымыздың басым бөлігін күйеуім екеуміз, мысалы, табысымыздың 70 пайызын азық-түлікке жұмсаймыз, шамамен екі жүз мың теңге. Бұл жалпы айтқаным, біз өзге азық-түлік дүкендерінде де ақша жұмсаймыз. Бәрі азық-түлікке кетеді, жеміс жидектер мен қанттан ақшаны үнемдеу үшін бас тарттық. Бұл өте қымбат. Қазір етті де үнемдейміз, бүрын көбірек ет асатын едік қой», дейді қала тұрғыны.

«Біз картоп пен сәбізге келдік. Бағасына қараймын — бәрі қымбат, картоптың келісі 280 теңге, сұмдық! Ал еттің келісі жалпы — 3000 теңге, бір айға жетпейді. Қымбаттап кеткен барлығы».

«Бір келгенде тамаққа айына екі жүз мыңдай ақша жұмсаймыз, отбасында жеті адамбыз. Өйткені, біз әлі де ет, шаруашылық тауарларына ақша жұмсауымыз керек. Мен экзотикалық нәрсе алғым келеді, бірақ аздап алсақ, біз оны ала алмаймыз. Одан басқа қаншама зат керек мысалға».

Азық-түлік бағасының аспандауы сатушылардың да табысына кедергі келтіруде. Олардың пікірінше, базарға келушілер жылдан жылға азайып барады. Олар, мұның бәрі тауар бағаларын тұрғындардың қалтасы көтермейтінінің дәлелі дейді.

«Өзімізде өндірілмеген соң бәрі қымбат» дейді сатушылардың бірі.

Орта есеппен шымкенттіктердің бір тоқсандағы табысы жүз жетпіс мың теңгеден асады. Қалалық статистика департаментінің мәліметінше, тұрғындар табысының 48 пайызға жуығын азық-түлікке жұмсайды. Ал, тұрмыстық техникаға мен жиһазға және киім-кешекке шығындалатындар саны көп емес. Сондай-ақ, табыстың ең аз бөлігі коммуналдық қызметтер мен ақылы жолдарға жұмсалады.

Жанар Көпжасарова, Шымкент қаласы статистика басқармасының еңбек және тұрмыс деңгейі бөлімінің бас маманы: «Қазір біз ақшаны азық-түлікке жұмсаймыз. Егер адамдар шетелдегідей азық-түлікке емес тауарларға, яғни киім-кешекке және т.б. дүниелерге табысын көбірек жұмсайтын болса, онда бізде кедейлік аз болар еді. Тұрғындардың мұқтаждығы азық-түлікке көбірек, демек адамдар киім-кешектен гөрі тамаққа көбірек ақша жұмсайды. Өйткені киім-кешекке ақша жеткіліксіз болса, олар өзге заттарға ақшаны босқа жұмсамайды».

Бүгінде барлығы қымбаттап барады, бірақ табыстан ешқандай өсім байқалмайды – бұл қазіргі қазақстандықтардың шынайы жағдайы. Тұрғындардың жаңа баспана мен көлік алуға, саяхаттауға артық ақшасы жоқ. Мамандар мәселені шешу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта есептеу керек , дейді. Сондай-ақ, олар тағам бағасын арзандату үшін жергілікті шаруаларға азық-түлік өндіру керек деп есептейді.

Аида Қарсыбайқызы