Қаржы министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын жариялады. Тиісті заңды Парламент қабылдаған соң, ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Одан мысалы, еліміздегі қатары 20-ға жеткен өңірлердің қайсысына орталықтан қанша қаржы тиетінін білуге болады. Жалпы алғанда, дотациялы 17 өңірге келесі жылы жалпы сомасы 4 трлн. 937,5 млрд теңге сомасында субвенция үлестіріледі.
Келесі жылы да орталықтан Алматы облысына Түркістан облысынан 5 есе аз қаржы бөлінбек. Жалпы, Түркістан облысы ел қаржысын шығындаудан жыл сайын рекорд орнатып келе жатқаны жасырын емес.