Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Дархан Сатыбалды енді Түркістан облысын басқарады.
Күнгей өңірде өткен жиында халық қалаулыларының басым бөлігі Дархан Амангелдіұлына дауыс берді. Түркістан облысының жаңа басшыс 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарына қызмет еткен.